$ 529.44  617.06  6.76

«Қамыс пен судың ортасында»: Мадина Сәдуақасова отбасымен ерекше жерде демалып жүргенін айтты (ФОТО)

Бұл жерге келу біздің отбасылық дәстүрге айналды.

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Белгілі қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова күйеуі және ұлымен ерекше жерде демалып жүргенін көрсетті. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желіде жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Жылына бір рет қамыс пен судың ортасында боламыз. Еш байланыссыз, инстаграмсыз өмір сүремін. Отбасыммен бірге келемін. Тым-тырыс, жан жағымызда түрлі “Қызыл кітапқа” енген құстар ұшып жүреді. Жігіттердің ұстап жатқан гигант- балықтардан көктал жасап, оттың жанындағы әдемі әңгімелер айтылады. Бұл жердегі күннің батуы да ғажап. Олжас пен Әнуардың демалыстардың ішіндегі ең ұнататындары осы – балық аулау. Екеуі сұмдық балықшы, ал мен олардың бақытты болып жүргенін көріп, екі есе бақытты боламын. Бұл жерге келу біздің отбасылық дәстүрге айналды. Бұйырса, келесі жылы тағы келеміз!”, – деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары