Баян Мақсатқызы таңданысын жасырмады.
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы актриса Дариға Бадықовамен әзіл-шыны аралас видео түсіріп, оны әлеуметтік желіге жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірге фильмге түсіп жатқан Баян Мақсатқызы актрисадан: “Заслуженная народная Дарига Бадыкова, сенде атақ бар ма?” – деп сұрады.
Бадықова бұл сұраққа “жоқ” деп қысқа жауап берді.
Осы жауапты естіген Баян Мақсатқызы таңданысын жасырмады.
“Әлі жоқ па? Ұят қой! Атақ керек! Сенің ‘народная’ атағың болуға тиіс” – деп әзіл-шыны аралас пікірін білдірді.