$ 531.96  622.45  6.79

«Қазағым, өтініш»: Қайрат Нұртастың қызы халыққа үндеу жасап, өзін сынамауды сұрады (ВИДЕО)

"Жүрегіме тимеңіздерші, мен де адаммын".

Фото: kaalau__ инстаграм парақшасынан
Фото: kaalau__ инстаграм парақшасынан

Әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау Нұртас желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әншінің қызы жазбасында өзіне қарсы айтылып жүрген хейтке тоқталған. 

"Неге солай? Басқа елдің адамдары маған жақсы сөздер жазып, менен шабыттанады. Ал өз елімнің халқы маған өліп тілеп, қаралап, жек көреді. Бұл - менің өмірім. Менің бет-бейнем. Менің стилім. Сондай-ақ қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін. Оны сіздер шешпейсіздер. Менің шын мәнінде қандай адам екенімді білмейсіздер де. Қазағым, өтініш. Жүрегіме тимеңіздерші, мен де адаммын. Сеземін. Ауырсынамын", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Алау Нұртастың желідегі әр қимылы көптің талқысында. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 30
Күлкілі 10
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары