"Айтыңыздаршы осы дұрыс па?".
Белгілі әзілкеш Жахан Отарғалиев әйелінің қоқыс шығармайтынын айтып және ондай жұмыстарды өзі істеуге тура келетінін жеткізді, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Әйелдер бар күйеулеріне мүлде қоқыс шығартпайды. Мынау не? Бізде қашан солай болады? Бізде неге ондай болмайды? Достар, сіздер бәрін білесіздер ғой, айтыңыздаршы осы дұрыс па?», - деді актер.
Ал оның жары күйеулеріне қоқыс шығартпайтындарға емес, ер азаматтары әйелдеріне көмектесетін адамдарды тыңдауға кеңес берген.