$ 541.93  636.71  6.83

«Алдымен өзіңді жөндеп ал»: Рүстем Жүгінісов елге ақыл айтамын деп сөз естіді (ВИДЕО)

Ол еліміздегі қала атауларының дұрыс айтылмайтынына наразылық білдірді. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Өнер жолынан алыстап кәсіпке бет бұрған Рүстем Жүгінісов желідегі парақшасында маңызды мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол еліміздегі қала атауларының дұрыс айтылмайтынына наразылық білдірді. 

"Осы көп байқаймын. Ақтөбеліктер неге Ақтөбе емес, "Ақтюе" дейді? Жаңа ұшу аймағына өтіп бара жатырсам: Актюбинскке қай жаққа? деп сұрайды. Мен Актюбинск емес, Ақтөбе дедім. Семипалатинск емес, Семей, Устькаман емес, Өскемен, Уральск емес, Орал. Сол нәрсені өзіміз айтуымыз керек негізі. Қазақтың қалалары емес сияқты естіледі, сол себепті айтылу жағын дұрыстайық. Қазақша атаулары керемет қой негізі",  - деп түйіндеді кәсіпкер. 

Желі қолданушылар Рүстемнің бұл ойына қолдау білдірген. Алайда оның сақалына тиісіп, нағыз ақтөбеліктердің олай айтпайтынын жазып жатқандар да бар. 

"Өзіміз білеміз, еркелетіп солай айтамыз", "Саған бәрібір емес пе қалай айтсақ та", "Мынау не болып кеткен", "Қыртымасын", "Дәл осы Рүстем алдымен өзін жөндеп алсын", деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары