$ 544.87  639.02  6.88

«Екі әжесі бесікке салды»: Ерке Есмахан үшінші ұлын қырқынан шығарды (ВИДЕО)

Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Белгілі әнші Ерке Есмахан үшінші ұлын қырқынан шығарып, бесікке салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын. Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін.

Өзім қандай әппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар.

Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар", - деп жазды өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары