$ 541.93  636.71  6.83

«Тағдырларың ұқсас қой»: Тұрсынбектің әйелі Қайрат Нұртаспен дуэт жазатынын мәлімдеді

Ол Instagram парақшасына Қайрат Нұртаспен бірге түскен суретін жүктеп, жазба қалдырды. 

Фото: Instagram/moldir.mt
Фото: Instagram/moldir.mt

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында Қайрат Нұртаспен дуэт жазғалы жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол Instagram парақшасына Қайрат Нұртаспен бірге түскен суретін жүктеп, жазба қалдырды. 

"Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын…
Иә, сенбей тұрмын. Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер…
Өнеріммен бөлісетін шақ туды. Сондықтан, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат
Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар? 
Қандай жанрда болсын деп қалайсыздар?
Махаббат па?
Әлде өмір туралы ма?
Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар.
Күтесіздер ме?", - деп жазды Мөлдір. 

Ал оқырмандары продюсердің бұл ойын бірден қолдадды. 

"Қыпшақтың қызы жаным мықты! Сынақ келсе сынба, қаскайып жур!",  "Тағдырларың ұқсас қой,өмір жайлы дұрыс-ау", "Жұлдызбен жазбадың ба", "От болайын деп тұр екен ғой", "Асыға күтеміз", - деп жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары