Көпшілік Баян Алманы жақсы көрмейді, Алисаның жанынан шықпайды дейді.
Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі ең жиі қойылатын сұраққа жауап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көптеген қолданушылар оның кіші қызы Алисаға көбірек көңіл бөлетінін айтып, бұл әділетсіздік деп санап, пікір қалдырған. Продюсер мұндай болжамдарды жоққа шығарып, бұл жай ғана сырт көзге солай көрінуі мүмкін екенін түсіндірді.
«Бұл шын мәнінде күлкілі… Кез келген ана менімен келісетін болар: бір баланы екіншісінен артық жақсы көру мүмкін емес. Мұндай әсер Алиса үнемі бірінші болып қолыма алынғысы келетіндіктен туатын шығар. Егер алдымен Алмушканы көтеріп алсам, Алиса бірден дау шығарып, қатты жылайды. Әрине, үлкен болған соң өзі бірінші болғысы келеді. Оның үстіне менімен 15 күнге ертерек танысқан ғой. Ал Алмушка сабырлы, сезімін ішке сақтайды. Бірақ Алиса жылай бастаса, ол да қосылып жылайды. Амалсыз, жағдайды реттеуге тырысамын», – деді Баян.
Сондай-ақ, ол екі қызына да бірдей махаббат пен мейірім бөлінетінін айтып өтті.
Оның сөзінше, Алма әкесі Тұрсын Алагөзовпен ерекше байланысы бар.
«Олар екеуі өте жақсы тіл табысады, бірге көп уақыт өткізеді. Ал Алиса болса, бір орнында отырмайды, үнемі қозғалғысы келіп тұрады. Қолымнан түсіп, қайта маған келгісі келеді. Бірақ екеуі де – біздің сүйікті ханшайымдарымыз», – деп түйіндеді Алагөзова.