$ 544.87  639.02  6.88

«Өлген жоқ»: Ақын Иранғайып Жүрсін Ерманның бетіне айтып тастадым деп мақтанды (ВИДЕО)

"Арыстан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал ақын Иранғайып Күзенбаев желідегі парақшасында Жүрсін Ерманға арнау арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақын айтыстағы әкесі Жүрсін Ерманның бетіне айтып тастағанын жазған. 

"Өлген жоқ, 74-ке келді көкем

Қайтадан байлайсыз-ау белді бекем. 

Мінезім де барады сізге тартып

Қайдан ғана қасыңа ердім екен?

Жақсымен, жаманмен де жарастырдың,

Тізгінімді тартпадың, таластырдың,

Тура жолға салатын адам құсап

Адасқанның үстіне адастырдың.

Ерегіссем деуші едің бірден: боссың!

Кіммен жаусың, білмедім кіммен доссың?

Мені қайдан саласың тура жолға

Өзің де тура жолмен жүрген жоқсың.

Сіз тірілткен бұл айтыс кімге керек?

Өліп қалса не ренжисің кімге не деп

Ақиқатты айт, айт деп отырушы ең

Қазірлер отыр ғой үндеме деп. 

Сіз барда да көргенбіз тапшылықты

Сонда да сыйлап келдің жақсы үмітті.

"Баламсың" деп бауырыңа басып тұрып

Балдыздарға жасадың жақсылықты.

Сізге ерем деп айналдым сүзегенге,

Құйрық, жал да қалмады күзегенге.

Өмір бақи өтем бе мен осылай

Жоқ, әлде 74-те түзелем бе?", - деді ол. 

Желі қолданушылары аталған видеоға қатысты түрлі пікір жазды. 

"Арыстан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды", "Әрең жатыр ғой", "Қартайып арыстаннан әл кетті", "Бұны бетіне айтты демейді", деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 33
Ұнамайды 32
Күлкілі 3
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары