25.07.2025, 15:40

Әлемдік тур: Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді

Фото: dimashnews.com

Өнер жұлдызының концерті 2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында өтеді.

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концертін береді. Ол – ТМД елінен осы сахнада өнер көрсететін алғашқы әнші, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Димаш Құдайберген Instagram желіcіндегі парақшасында "STRANGER" атты жеке концертін өткізетінін жариялады.

Өнер жұлдызының концерті 2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында өтеді.

"Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте "Stranger" атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.

2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше", - делінген желідегі хабарландыруда.