Сондай-ақ ол әзірге магистратураға түсу ойында жоқ екенін айтты.
Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбек желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Калифорния университетінің бакалаврын аяқтап, сәлемдеме арқылы келген дипломын қолына алды.
Дипломында "Өнер" факультетінде оқығаны жазылған
Алайда Айарудың шетелдік ең мықты университеттерінің бірін бітірсе де, тым қарапайымдылық танытқаны таң қалдырды. Ол тіпті қуанышты реакциясын да білдірмеген.
Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Айта кетейік, сондай-ақ ол әзірге магистратураға түсу ойында жоқ екенін айтты. Алайда тапсыратын болса, болашақта Чикаго қаласында тұрып, университетінде оқығысы келетіндігімен бөлісті.