Жар таңдауда қателеспеңіздер.
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ қыздарына сүйіктісін таңдауда қателеспеу керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жігіт намазда екен, қиянат жасамайды” деген сеніммен тұрмысқа шықпаңыздар. Мен, екінші рет тұрмысқа солай асығыс шықтым. Бірақ, некеден кейін ғана, мен “намаз” көрсеткіш емес екенін түсіндім. Оған дейін, “намаздағы ер Алланың аманатына қиянат жасауы мүмкін емес” деп, ойладым. Бірақ, өкінішке орай, сол адамнан көп зардап шектім. Асықпаңыздар! Жар таудауда қателеспеңіздер!», - деп жазды ол.