Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
Қазақстандағы ең тартымды әрі көпшілік сүйіспеншілігіне бөленген әйелдердің тізімін Баян Алагөзова бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Продюсер өзінің Instagram Stories парақшасында сауалнама нәтижесінің скриншотын жариялап, жанкүйерлеріне алғыс айтты.
«Шын жүректен алғыс айтамын, өте қуаныштымын», – деп жазды ол.
Бұл рейтингті ZimaBlue зерттеу агенттігі дайындаған. Әлеуметтік сауалнама барысында жүздеген қатысушыдан танымал әйелдер туралы пікір алынған.
ZimaBlue зерттеу агенттігі дайындаған рейтингке сәйкес, еліміздегі ең танымал әйелдер анықталды. Әлеуметтік сауалнама барысында жүздеген адам өз ой-пікірін білдіріп, нәтижесінде бірінші орынды продюсер Баян Алагөзова иеленді, ал қалған үздік ондыққа шоу-бизнес өкілдері енді.
Айта кетейік, сауалнама Instagram, TikTok әлеуметтік желілері мен медиа кеңістіктегі аудитория арасында жүргізілген.