04.08.2025, 18:40

«Көптен күткен бақыты»: Динара Сәтжан үлкен той жасайтындарын айтты

Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Оқырмандары тележүргізушіні құттықтап, ақ тілектерін арнауда. 

Динара Сәтжан желідегі парақшасында отбасында үлкен тойға дайындық басталғанын жазды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сөзінше, тележүргізушінің інісі шаңырақ құрғалы жатыр екен. 

"Сәтжановтар әулетіне бір мүше қосылды. Арай, шын жүректен қош келдің! Ініміз Паша көптен күткен бақытын өз туған жері – Қарағандыдан тапты. Бүгін сырға салу рәсімін сән-салтанатымен өткіздік. Алда - үлкен той! Жас жұбайларға мәңгілік махаббат пен баянды бақыт тілейміз!", - деп жазды Динара Сәтжан. 

Оқырмандары тележүргізушіні құттықтап, ақ тілектерін арнауда.