$ 539.49  627.7  6.75

«Арамызда бала бар»: Жұлдызай Дүйсенбиева Нұржан Төлендиев жайлы бар шындықты айтты

"Нұржан екеумізді махаббат байланыстырады".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал театр актрисасы әрі әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева Нұржан Төлендиевпен арадағы «ортақ махаббаты» жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

AINUR ASANBERDI YouTube арнасына берген сұхбатында актриса 15 жыл бойы сахнада бірлесе өнер көрсетіп келе жатқан әріптесімен қарым-қатынасы туралы қалжың аралас сөз қозғады.

Жүргізуші «Нұржан екеуіңізді не байланыстырады?» деп сұрағанда, Жұлдызай:

«Нұржан екеумізді махаббат байланыстырады. Өйткені, арамызда бала бар», — деп күлдірді.

Көрермен «шын екен» деп ойлап қалмауы үшін актриса артынша түсіндірді:

«Махаббат деп отырғаным – сахнаға, театрға деген махаббат. Біз ұрысып та қаламыз, бет көрмей де кетеміз, бірақ сахнаға шыққанда бәрін ұмытамыз. Өнерге деген ортақ сезіміміз бізді байланыстырады», — деді ол.

Жұлдызайдың айтуынша, олардың ерлі-зайыпты образы соншалықты шынайы шыққандықтан, көп адам өмірде де жұп деп қабылдаған. Бірде гастрольде болғанда қонақ үйге ақша болмаған соң, жергілікті отбасы екеуін бір бөлмеге жатқызбақ болған.

«Сіздер ерлі-зайыпты емессіздер ме?» — деп таңқалды. Ал мен Нұржанды жездем деп атаймын, өйткені әйелі менің руласым», — дейді ол.

Сахналық «балалары» жайлы да әзілдеген Жұлдызай:

«Арамызда бала бар дегенім – біз тәрбиелеп, қатарға қосқан әртіс балалар. Соңғы 15 жылдықта да «Қайта қосылдыңдар ма?» деп сұрағандар болды. Үлкендер бата беріп жатты. Нұржан болса, «Иә, апа, қосылдық, арамызда балалар бар» деп күледі», — деп еске алды.

Сөз соңында актриса көрерменнен сахна мен өмірді шатастырмауды өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 311
Ұнамайды 35
Күлкілі 51
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары