3 баланың анасынан жалынды сәлем!
Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан Алматыда концерт беріп жатқан Дженнифер Лопеспен өзін қалжың аралас салыстырып, желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол әлемдік жұлдыздың мүсініне қызыға қарайтынын жасырмай, әзілмен:
«Үш баланың анасынан жалынды сәлем! Бұл жолы декреттен тезірек шығып, қайтадан Ерке Есмахан болуға асығып отырмын. J.Lo да әлі сахнада, көзді қыздырып жүр. Қайтса екен концерттерін бітіріп. Біз де фигураны ұмыт қылып, жай ғана ет асып жейтін едік», – деп жазды.
Желі қолданушылары Еркенің қалжыңын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды:
«ДжейЛо сіздің шаңыңызға ілесе алмайды», «J.Lo саған қызықсын, Ерке», «ДжейЛоның мүсіні бір бөлек, бірақ Еркенің әшекейі керемет», «Біздің J.Lo – өзіңсің ғой».