$ 538.03  629.23  6.74

«Мәдениеттен жұрдай»: Димашпен суретке түскен шымкенттік блогер сынға қалды (ФОТО)

Танымал блогер әлемдік жұлдызбен түскен суреттерін желіге жүктеген. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Димаш Құдайбергенмен суретке түскен шымкенттік блогер Арай Сұлтан сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал блогер әлемдік жұлдызбен түскен суреттерін желіге жүктеген. 

"Томирис те аңыз адаммен суретке түсіп алды. Димашпен суретке түсу ешкімге мүмкін болмады. Өйткені күзетшілер жүрді", де жазды ол. 

Осыдан кейін желі қолданушылары түрлі сыни пікірін жаудырды. 

"Баланың жөргегінің сыртынан бірдеңе кигізбей ме? Ұят, этика, мәдениет қайда? Тойға баламен келудің өзі дұрыс емес", "Жұрттың мазасын қашырғанша балаларын үйге тастап кетпей ме", "Өте мәдениеттен жұрдай сурет...", "Сізге сонда бәрібір ме", "Біздің халық адамға жүріп өтуге де мұрша бермейді", деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 16
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары