15.08.2025, 13:40

«Ханшайымым барда Дженниферді қайтемін?»: Бүркіттің әйелі жайлы сөзі жұртты тәнті етті

Фото: Instagram/berkut_aibekjan

"Өз ханшайымыңызды бағалап, қамқор болыңыз".

Бүркіт атымен танымал әнші Айбек Сейітов жұбайын әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопеспен салыстырып, желіде қызу талқыланған видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram парақшасында ол:

"Сәлеметсіздер ме. Көп адам маған "Дженнифер Лопестің концертіне бардың ба?" деп сұрап жатыр. Ол маған не үшін керек? Менің қасымда өз ханшайымым бар", — деп айтты.

Айтуы аяқтала салысымен видеода оның жары Аиша көрінеді.

"Өз ханшайымыңызды бағалап, қамқор болыңыз", — деп жазды Бүркіт бейнежазба астына.

Желі қолданушылары төрт баланың анасын сұлулығына сүйсініп, жылы пікірлер қалдырды.

«Қандай әдемі ханшайым!», «Мұндай жары бар адам шын мәнінде бағалауы керек», «Керемет жұпсыздар», «Аиша одан да сұлу» дегендер болды.

Дегенмен, бұлай салыстырудың орынсыз екенін айтып, концертке бару мүмкіндігін жібермеу керегін еске салғандар да табылды.

Айта кетейік, Аиша жастық шағында биімен көпшілікті таң қалдырған. Оның қимыл-қозғалысы мен биі әйгілі колумбиялық әнші Шакираға ұқсатылған еді.