Халық алдындағы алғашқы эфирім болғасын жай сыйлықтар таңдағым келмеді.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың сахналық киімін ұтысқа шығарды. Өнер иесі жақында су жаңа өнімін сатылымға шығармақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Легендамның легенда костюмін эфирде сыйлаймын.
Халық алдындағы алғашқы эфирім болғасын жай сыйлықтар таңдағым келмеді. Бәріне ақша мен көлік керек екенін білдім. Бірақ тағы не сыйлай аламын деп көп ойланып, халықтың сұрауымен осы легендамның киімін сіздерге де жұғысты болсын деп эфирде сыйлағым келді. Қазағымның маңдайына жұлдыз болып біткен ұлымның жолы сіздерге де жұғысты болсын!”, – деп жазды продюсер.