Ер адамның бұл сөзін көңіліне алған Сұлтанқызы оған үн қатты.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзіне жазған оқырман хатына ренжіп, жазба жариялады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайды ғой. Жасарғысы келіп жүр", - деп жазды Мұхтар есімді желі қолданушысы.
Ер адамның бұл сөзін көңіліне алған Сұлтанқызы оған үн қатты.
"Мұхтар есімді оқырман жазыпты. Әйелдің сыбатына, түріне, шашына, тырнағына, көзіне көп жағдайда сын айтатын осы ер адамдар. Ер азаматқа жараспайды деп ойлаймын. Өз ойын фактімен айтқысы келетін шығар, бірақ әйел тақырыбынан бөлек те жайттар толып жатыр ғой. Ал физиологиялық тұрғыда жасармайтынымды білемін. Қартайып жатқанымды қабылдаған адаммын. Қала берді өзімнің жасымды ешқашан жасырған емеспін. Алла амандығын берсе осы қыста 48 жасқа толамын. Бір-бірімізді қолдап, керісінше жылы-жұмсақ сөздер жазайықшы", деді ол.