16.08.2025, 18:30

«Дұғада болыңыздар!»: «Өнер қырандары» театрының актрисасына күрделі ота жасалды

Коллаж: SN.kz

Бұл ақпарат театрдың ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Елімізге танымал «Өнер қырандары» театрының актрисасы Дана Тұрарбекке күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпарат театрдың ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

«Құрметті көрермендер! Театрымыздың актрисасы Дана Тұрарбекке күрделі операция жасалды. Жақын арада сауығып, аман-есен ортамызға оралуын тілейміз. Жүректен шыққан дұғаларыңыз қабыл болсын», – делінген хабарламада.