Желі қолданушылары бұл жазбаны ерекше ықыласпен қабылдап, «ой салатын өлең екен», «терең мағынасы бар» деген пікірлерін қалдыруда.
Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев өз Instagram парақшасында ақын Ақберен Елгезектің өлең жолдарын жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары бұл жазбаны ерекше ықыласпен қабылдап, «ой салатын өлең екен», «терең мағынасы бар» деген пікірлерін қалдыруда.
Өрт пе мынау, теңіз бе?
Қызыл шашы жалқындап,
Жанарымды шарпиды қою-қою толқындар.
Көкжиекте ақ бұлттар қызыл түске боялып,
Өкси-өкси көшуде, ауыр-ауыр ой алып.
Кіндігінде теңіздің иірім бар ұршықтай,
Қанша кеме бұл жерден өте алмаған тұншықпай.
Иірімнің түбінде күндерім бар қайғылы...
Қаперімнің бетіне қалқып шығар қай күні?