Тіпті кей қолданушылар «Қайратқа бес қатын алса да жарасады» деп қалжыңдаған.
Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртасқа қатысты жаңа бейнежазба үлкен резонанс туғызды. Қазақ эстрадасының ең танымал жұлдыздарының бірі өнердегі әріптесі, ұйымдастырушы Алия Құдайқұловамен бірге серуендеген сәті жарияланғаннан кейін, жұртшылық арасында пікір қарша борады, деп хабаралйды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео астындағы пікірлердің дені әзіл мен сын аралас жазбаларға толы. Бірі «той қашан?» десе, енді бірі «екеуін жарастырып қойған екен» деп жазған. Тіпті кей қолданушылар «Қайратқа бес қатын алса да жарасады» деп қалжыңдаған.
Халық пікірі екіге жарылды.
Бір топ желі қолданушысы әншіні әр қадамы үшін сынап, отбасы мен жеке өміріне қатысты ауыр сөздер қалдырса, екінші тарап мұны орынсыз деп есептейді. Олар Қайраттың жеке өміріне қол сұқпау керек екенін айтып, керісінше шығармашылығына қолдау білдірді. «Өнерің өрлей берсін» деген жылы лебіздер де аз емес.