$ 540.87  632.01  6.76

«Уақыты келді деп ойлаймын»: Актриса Әсел Сәдуақасова жаңалығымен бөлісті

Өнер иесі Индонезия еліне демалысқа кеткен еді. 

Фото: https://www.instagram.com/asselsadvakassova/
Фото: https://www.instagram.com/asselsadvakassova/

Отандық кино индустрия арқылы танымал болған Әсел Сәдуақасова Балидегі өмірін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Индонезия еліне демалысқа кеткен еді. 

“Өз тәжірибем бойынша айтар болсам, Балида өмір сүру Алматыға қарағанда 2-3 есе арзан. Алматыда түрлі шығындарым көп. Ал мұнда тек негізгі қажеттіліктерге – тамақ, жолақы және басқа да ұсақ-түйекке ғана ақша жұмсаймын", – деді Әсел Сәдуақасова.

Әңгіме барысында өнер иесі Қазақстанды қатты сағынғанын да жасырмады:

"Мен өзімнің сүйікті Қазақстанымды өте қатты сағындым. Былтырғы жылдың қарашасынан бері болмадым. Бірінші рет осынша ұзақ. Қайту уақыты келді деп ойлаймын", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары