Әлемге әйгілі әншінің сторисінде қазақстандық орындаушы Мөлдір Байбуринованың Ain’t Your Mama хитіне жасаған қазақша кавері жарияланды.
Америкалық поп-дивa Дженнифер Лопес Instagram-дағы парақшасында (онда 248 млн жазылушы бар) қазақ тіліндегі әннің үзіндісін бөлісті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлемге әйгілі әншінің сторисінде қазақстандық орындаушы Мөлдір Байбуринованың Ain’t Your Mama хитіне жасаған қазақша кавері жарияланды.
Мөлдір танымал композицияның қазақ тіліндегі нұсқасын жазып, әлеуметтік желіге жүктеген еді. Қысқа уақытта бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, ақырында Дженнифер Лопестің де көзіне түсті.
«Мен қазір Джей Лоның сторисінде тұрмын. Барлығыңызға алғыс айтамын!» — деп қуанышын бөлісті Мөлдір Байбуринова.
Желі қолданушылары жарияланым астына жүздеген пікір қалдырып, қазақстандық әншіні қолдады.