17.08.2025, 16:30

«Вокзалды сахнаға айналдырғаны несі»: Вокзалда ән айтқан Мөлдір Мұқанова көптің күлкісіне қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

«Астана естілмей қалады ғой» деген сарказмға толы пікірлер қалдырған.

Астанадағы пойыз қасында Мөлдір Мұқанова көпшілікті таңғалдырды. Жолаушылар пойызының қасында ән шырқаған өнерпаздың бейнежазбасы желіде тез тарап, пікірталас тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кейбірі «вокзалды сахнаға айналдырғаны ерекше» десе, басқалары «әншілер қай жерге болсын шыға береді» деп сынады. Әлеуметтік желі қолданушылары «Ана поезд Өзбекстанға барса, сонымен бірге жіберер ме екен?», «Астана естілмей қалады ғой» деген сарказмға толы пікірлер қалдырған.

Дегенмен, Мөлдір Мұқанованың тыңдарман алдында еркін өнер көрсетуі оның қай ортада да сахнаға шыға алатынын көрсетті.