Танымал түрік актері Өзжан Дениз әлеуметтік желіде анасы Кадрие Дениз бен ағасы Эржан Денизді жеке өміріне араласып, сатқындық жасады деп айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Менің өмірімді тозаққа айналдырдыңдар», – деп жазды Өзжан, ол Instagram-да анасы мен ағасын өшіріп тастаған.
«Мен үшін адалдық отбасылық байланыстан да маңызды. Енді мені сенімен ештеңе байланыстырмайды: мерекелерде де көріспейміз, амандаспаймыз да», – деп мәлімдеді ол.
Әлеуметтік желідегі дереккөздерге сәйкес, жанжалдың себебі – қаржы мен жеке келіспеушіліктер, сондай-ақ Өзжанның отбасы туралы деректі фильм түсіру жоспары. Бұл оқиға әлі жалғасуы мүмкін.