Бұны әлі күнге дейін тыңдап, іс-әрекетке нұсқау ретінде қабылдайтындар бар.
Продюсер Баян Алагөзова белгілі коуч Мәрзия Бекайдарды қатаң сынға алды.Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Тағы бір діни коуч әйелдерді барлық жетістіктерін, соның ішінде білімін, бизнесін тастап, күйеуінің үйінде тегін қызметші болуға үйретеді, ал сұхбат алушы мұнымен толық келіседі. Олардың түсінігінде әйелдің құндылығы – мойынсұну және плита қасында өз орнын білу. Бұны әлі күнге дейін тыңдап, іс-әрекетке нұсқау ретінде қабылдайтындар бар. 21-ғасырда, зайырлы мемлекетте, конституциялық тең құқыққа қарамастан бізге келін – жарты адам, жалғыз құқығы – қызмет ету үйретіп келеді», — деді продюсер.
Коуч Мәрзия Бекайдар келін өз орнын білуі керек екенін айтқан еді.
«Қазір ажырасумен көп келеді. «Мен көнбеймін, тұрмаймын» деп. Мен сол кезде бірден «ажырасу сіздің проблемаңызды шешпейді» деймін. Өйткені, сіз ажырасып кетсеңіз де өзіңізді алып кетесіз. Келесіде тұрмысқа шықсаңыз да өзіңізді алып барасыз. Өзіңіздің мінезіңізді, өзіңіздің көзқарасыңызды. ішкі дүниеңізді. Ол жерде де тап сол проблемаға ұрынасыз немесе одан да жаман проблемаға ұрынасыз. Оны менің тәжірбием көрсетіп жатыр. Ажырасумен проблема шешілмейді. Біз тұрмыс құрған кезде, олардың қызы емес екенімізді, еркелігімді көтеріңдер деп айту дұрыс емес. Олай болмайды. Тұрмысқа шығамын дегеннен бастап жауапкершілікті алу керек. Келін болып келдім ба, ол жерде мен келінмін. Мың дипломым болса да, әлемді қаратқан болсам да ауылға бардым ба, мен ол жерде келінмін. Қандай ерке болып өссеңіз де, бастық қызы болсаңыз да, бүкіл әлемнің ең мықты университеттің дипломы болса да сіз келінсіз ба, өз орныңызды білу керексіз. Келін деген рөлімізді білмесек біз сонда қандай жармыз? Қандай ана боламыз? Оның бәрі дұрыс емес», — деді коуч.