$ 537.75  626.43  6.71

«Бірнеше әйел алшы»: Димашқа үзіле қараған қытайлық бойжеткеннің әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)

Димаш Құдайберген осы жылдың күзінде әлемдік турнесін бастап, жанкүйерлерімен түрлі елдерде жүздеспек.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концертінен кейін бойжеткеннің өнер иесіне қараған көзқарасы желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бойжеткеннің ғашық көздерімен қараған көзқарасы әлеуметтік желіде тез тарап, желі қолданушылары арасында талқыға түсті. 

«Жаным-ау, бұл – жауапсыз махаббат қой», «Жастық шақ қандай әдемі! Ғашықтық қандай ғажап!», «Ол бұл сәтті өмір бойы есінде сақтағысы келеді», «Жанында демалмай келе жатыр», «Димаш, сен-ақ бірнеше әйел ала берші, саған ренжімейміз», «Тым жақын, әрі тым алыс», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Еске салайық, Димаш Құдайберген осы жылдың күзінде әлемдік турнесін бастап, жанкүйерлерімен түрлі елдерде жүздеспек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары