22.08.2025, 10:40

«Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашпаңыздар»: Гүлзира Айдарбекова көптің сұрағына жауап берді

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Желіде Гүлзира Айдарбекованың келіні Жұлдызды құттықтап жазба жарияламағанын қызу талқыланып жатыр.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында көпшіліктен отбасылық өміріне араласпауды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алғаны жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым. Солай ма достар?», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, желіде Гүлзира Айдарбекованың келіні Жұлдызды құттықтап жазба жарияламағанын қызу талқыланып жатыр.