23.08.2025, 06:30

«Жүрегі мейірімге толы»: Димаш Құдайбергеннің сахнадағы әрекеті жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің сахнадағы әрекеті көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Концерт барысында ән салып тұрған сәтінде ол көрермендерді суретке түсіріп жүрген кәсіби фотографтың сахнадан құлап кетпеуіне дер кезінде көмектесіп үлгерген. Фотографты құтқарып қалған соң Димаш әнін тоқтатпай, орындауын жалғастыра берген.

Бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығы мен адамгершілігіне жоғары баға беріп, жылы пікірлер қалдырды.

«Ол тек әлемдік деңгейдегі әнші ғана емес, сондай-ақ кішіпейіл жан», «Әр жолы оның мейірімділігіне тәнті боламын», «Талант пен қарапайымдылық кез келгенге бұйырмайды», «Жүрегі мейірімге толы азамат», – деп жазды олар.