$ 537.34  623.05  6.65

«10 көлік, миллиондар»: Танымал блогер Ерболат Жанабылов пен әйелінің әрекеті тексерілетін болды (ВИДЕО)

Блогерлердің соңғы өткізген ауқымды ұтысы құзырлы органдардың назарына ілікті. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі жазбасында танымал блогер Ерболат Жанабылов пен жары Эльмира Төлегеноваға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, көпшіліктің наразылығынан кейін құзырлы органдар блогерлердің соңғы өткізген ауқымды ұтысына назар аударып, заңдылығын тексеріп жатыр. Алайда адвокат істің нақты қай мекемеде қаралып жатқанын нақтыламады.

«Халық әбден мезі болған ұтысты өткізу үшін курстарын сатып, пайда табуды көздеді. Бірақ жұрт болып қарсы тұрдық. Қазір оларға қатысты тексеріс жүріп жатыр. Заңсыз ұтыстарға жауапты арнайы комитет бар. Сол мекеме жуырда блогерлерге ескерту жібереді. Егер ескертуге құлақ аспаса, 1 млн теңге айыппұл салынады. Ал одан кейін де тоқтамаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деді заңгер.

Айта кетейік, Жанабыловтар отбасы Қытайдың бес түрлі сайтынан тауар сатып алуды үйрететін 30 мың теңгелік онлайн-курс әзірлеген. Сол курсты өткізу үшін олар халық арасында 10 жаңа көлік пен ақшалай сыйлықтар ұтысын ұйымдастырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары