23.08.2025, 18:30

«Оның несін жасырады»: Қайрат Нұртастың бесінші баласының жынысы белгілі болды (ФОТО)

Фото: instagram.com/kair_n

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас өз Instagram парақшасында кәсіпкер Қанат Көпбаевтың құттықтау жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қайрошты бүкіл отбасыммен сүйіп тыңдаймыз. Үлкені де, кішісі де... Қызыңның бауы берік болсын", - деп жазды кәсіпкер Қанат Көпбаев.

Кәсіпкердің құттықтау жазбасын әнші Қайрат Нұртас өз Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. 

"Апамның мерейтойынан суреттер", - делінген құттықтау жазбасының суретіне қатысты сипаттамасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасында жаңа туған нәрестесімен бірге түскен видеосын жариялағанымен, оқырманына бесінші перзентінің ұл әлде қыз екенін айтпаған еді.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзентінен бөлек, екі ұлы, екі қызы бар.