Белгілі продюсер қызы Айсәуле Бақытбектің Instagram желісіндегі жазбасына қосылып, зятын туған күнімен шын жүректен құттықтады.
Қазақстандық продюсер, тележүргізуші Баян Алагөзова әлеуметтік желіде күйеу баласы Әлішер Қайдаровқа жылы лебізін арнады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Белгілі продюсер қызы Айсәуле Бақытбектің Instagram желісіндегі жазбасына қосылып, зятын туған күнімен шын жүректен құттықтады. Айсәуле өз парақшасында сүйікті жарының суретін және тортты жариялап: «Туған күніңмен, махаббатым!» деген жазба қалдырған.
Ал Баян Алагөзова болса, құттықтауға өз ықыласты тілектерін қосып, күйеу баласын ерекше құрметпен атап өтті.
«Алиш балам, туған күніңмен! Сен – ең жақсы куеу-бала (күйеу баласың). Қалағаның орындалып, денің сау, өмірің бақытты болсын. Ең бастысы – қызым сенің қасында ең бақытты!», - деп жазды ол.