$ 537.34  623.05  6.65

«Уақыт келді»: Ninety One тобының мүшесі құпиясын жария етті (ВИДЕО)

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Ашмақын өз сүйіктісімен қарым-қатынасын жария еткен. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ninety One тобының мүшесі, танымал әнші Азамат Ашмақын (сахнадағы аты — АСЕ) алғаш рет әке атанатынын мәлімдеді, деп хабарлйды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші қуанышты жаңалығын сүйіктісімен бірге түсірілген бейнежазба арқылы хабарлады. Сондай-ақ оны өзінің Instagram парақшасында жариялаған. 

"Біз бұл сәтті үлкен толқумен, қуанышпен күттік. Енді кішкентай құпияны ашатын уақыт келді деп ойлаймын" – деп жазды әнші.

Бейнежазбада достары қатысқан gender party сәті де көрсетілген. Онда болашақ сәбидің жынысы да белгілі болды. АСЕ пен Нұрила алдағы уақытта қыз баланың ата-анасы атанбақ.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Ашмақын өз сүйіктісімен қарым-қатынасын жария еткен. Арудың есімі Нұрила Шакирова. Ол Instagram парақшасында өзін продюсер ретінде таныстырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ninety One #құпия