25.08.2025, 04:30

«Жұлдызды той»: Баян Алагөзова екі қызының тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай періштелердің тұсауын кесті.

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзова қос қызының тұсаукесерін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұсау кесу рәсімінде Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай періштелердің тұсауын кесті. Ал әнші Жазира Байырбекова «Тәй-тәй» әнін орындап, қуанышты сәтті әуезді әуенмен әрледі.

«Бақытты болыңдар, балақайлар! Мен сендерді қатты жақсы көремін», – деп бөлісті Айсәуле Instagram парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары да танымал отбасын құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр:

«Қадамдары құтты болсын!», «Айсәуле мен Ашадай парасатты болсын!», «Құлыншақтар көрікті де ақылды болып өссін!» деген сынды пікірлер жазылған.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында Баян Мақсатқызы жұртты таңғалдырған жаңалығын бөлісіп, үшінші және төртінші қызы дүниеге келгенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, жуырда әлеуметтік желіде оның үлкен қыздары Айсәуле мен Айару түскен бейнежазба тарап, көпшіліктің назарын аударды. Видеода әпкелі-сіңлілердің бірі шай ішіп отырса, екіншісі сырадан ұрттап отырған сәті бейнеленген.