$ 535.99  626.36  6.64

JLo қазақ өнерпаздарын қолдауда: Астаналық музыкант әлем жұлдызының көзіне түсті (ВИДЕО)

Әнші өз сторисінде қазақстандық өнерпаздың видеосын жариялаған.

Фото: @altynay_dimashsilver
Фото: @altynay_dimashsilver

JLo қазақ өнерпаздарын қолдауды жалғастырып жатыр. Астаналық музыкант Меруерт Бақыт америкалық поп-дива Дженнифер Лопестің назарын аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші өз сторисінде қазақстандық өнерпаздың видеосын жариялаған. Меруерт Хан Шатыр фонында Джей Ло-ның әйгілі Ain’t It Funny хитіне кавер орындап, роликтің сипаттамасында әншіні белгілеген.

«Мисс Лопес, сіз бөлісетін махаббат пен шабыт үшін рахмет. Сіз қазақстандық әйелдердің жүрегін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізесіз», – деп жазды скрипкашы өз парақшасында.

248 миллион жазылушысы бар жұлдыз өнерлі астаналықтың видеосын сторисіне жүктеп, талантын бағалаған.

Айта кетейік, бұл Лопестің қазақстандықтарға алғаш рет назар аударуы емес.

Бұған дейін ол Алматыдағы концерті аяқталған соң Instagram парақшасында қазақтың білезігін тағып түскен суретін және өз портреті салынған кілемді көрсеткен бейнероликті жариялаған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары