26.08.2025, 06:30

«Маған адамша үйленген жоқ»: Баян Алагөзова күйеуін елдің алдында ұятқа қалдырды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Бұл туралы әнші Мадина Сәдуақасова парақшасына жүктеп, келесі жылы Тұрсын мен Баян үйленеді деп жазған.

Күні кеше Алматыда қазақы стильде қыздары Алма мен Алисаның тұсауын кескен Тұрсын мен Баян Алагөзовтер тойға келген әріптестеріне алғыс айтып, жуырда тағы бір той болатынын меңзеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы әнші Мадина Сәдуақасова парақшасына жүктеп, келесі жылы Тұрсын мен Баян үйленеді деп жазған.

Сөз сөйлеген Баян Алагөзова той десе ішкен асын жерге қоятынын айтып, көңілі күнде мереке қалайтынын айтты. 

«Мен той тойлап жүргенді жақсы көремін. Жаным үнемі мерекені қалап тұрады. Бүгін үйімізге барған соң таңертең тұра сала Тұрсынға «тағы да мерекелегім келіп тұр» деп еркелей аламын. Келесі жылы бірге тұрып жатқанымызға он жыл болады екен. Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсын маған адамша үйленген жоқ. Мен қыз жолдастармен бірге билеп көргім келеді», - дейді Баян Алагөзова.