$ 535.99  626.36  6.64

«Кішкентай кезінен-ақ ерекше»: Димаш Құдайбергеннің бозбала шағындағы видеосы тарады (ВИДЕО)

Бейнежазба телебағдарламалардың бірінде көрсетілген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Димаш Құдайбергеннің жасөспірім шағында орындаған әні бейнеленген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бейнежазба телебағдарламалардың бірінде көрсетілген. Кадрларда ұялып отырған, жүзін қызартып, өзін ыңғайсыз сезінген жас Димашты көруге болады.

Желі қолданушылары оның бала күнінен ерекше дауысы болғанын атап өтіп, ыстық ықыластарын білдірді.
– «Кішкентай кезінен-ақ даусы керемет екен», «Кішкентай кезінен-ақ ерекше»;
– «Ұялып отырған түрің сондай сүйкімді»,
– «Димашты ата-анасымен бірге көрсем деп армандаймын. Қатты жақсы көремін, аман жүрсін», – деп пікір жазды тыңдармандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары