Сонымен қатар ол өз өмірін мысалға алып, ешқашан үміт үзбеуге шақырды.
Белгілі әзілкеш әрі вайнер Жахан Отарғалиев әлемдік кинотуындыда басты рөлді сомдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram парақшасында ол өзіне сенбегендер көп болғанын атап өтті: – «Ей, сен тамада емессің бе? Сен актер бола алмайсың» дегендер болды. Бірақ осы уақытқа дейін 10 киноға түсіп, соның үшеуін өзім түсірдім», – деді ол.
Отарғалиев оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті: – «Мен әлемдік киноның басты рөліне өттім. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деп жазды әзілкеш.
Сонымен қатар ол өз өмірін мысалға алып, ешқашан үміт үзбеуге шақырды: – «Сол себептен дәл қазір сізге біреу сенбей жатса, ол ештеңені білдірмейді. Ең бастысы – үміт үзбеңіздер», – деп түйіндеді өнер иесі.