$ 535.99  626.36  6.64

«Билеу үшін жазбаймын»: Сазгер әнін рұқсатсыз қолданған спортшыларға шүйлікті (ВИДЕО)

Композитор Бауыржан Ақтай ұлттық құраманың жаттықтырушысы Мира Балғынбаеваға хабарласып, өзінің наразылығын білдірген. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Гимнастикадан Бразилияда өткен әлем чемпионатында Қазақстаннан атынан өнер көрсеткен жас спортшылар қазақстандық сазгердің әнін рұқсатсыз қолданған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гимнаст қыздар Sarmad этно-ансамблінің әніне әсерлі өнер көрсеткенімен, әннің авторына бұл ұнамапты. Композитор Бауыржан Ақтай ұлттық құраманың жаттықтырушысы Мира Балғынбаеваға хабарласып, өзінің наразылығын білдірген. 

Жаттықтырушы ұлттық мәдениетті әлемдік аренада насихаттау үшін әдейі қазақ музыкасын таңдағанын айтады. Ол мұндай реакция күтпегенін айтып, бұрын шетелдік әндерге қойылған бағдарламаларда мұндай жағдай болмағанын атап өтті.

Ал музыкант өз композицияларын би билеу үшін емес, шығармашылық мақсатта жазатынын айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары