27.08.2025, 12:00

«Көзіміз тоймай ала бердік»: Абай Бегейдің қызы перзентханаға дайындығын көрсетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Желі қолданушылары әлі тумаған балаға бесік алғанын көріп, қызу талқылады. 

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы перзентханаға дайындығын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Былтыр өнер иесінің 16 жастағы қызы тұрмысқа шыққан еді. 

“Алғаш рет әке-ана атанып жатқан соң ба, барлығы заттарды көп алып қойыпсың деп жазып жатыр.  Біз болса қызықтағымыз келіп, көзіміз тоймай ала бердік. Екінші, үшінші балада қалады дейді, сіздің ойыңызша қалай?! Сосын маған ана болуға дейінгі кеңестеріңіз болса астына жаза кетсеңіздер, қатты қобалжып жүрмін”, – деп жазды Сымбат.

Желі қолданушылары әлі тумаған балаға бесік алғанын көріп, қызу талқылады. 

“Бесік алуға болмайды”, “Батыстықтар да бұл салтты біледі”, “Оған шариғатта нақты түсіндіру жоқ. Ата-ана әлі туылмаған баласына керек-жарағын алып дайындап қоюға болады. Барлық нәрсе Алланың қолында”, “Туғаннан кейін нағашылары да әкеледі. Неге асықты екен?!”, “Қазіргі жастар ұялмайды. Кәмелетке де толмаған қыз, туайын деп отыр”, “Жамандықты шақыратын өзіміз. Ырымға сеніп, тек анау болмайды мынау болмайды деп санамызға құйып алғанбыз”, – деп жазды көпшілік.