"Ырысбала, сен күшті болсаң, артың таза болса, неге жұртты шулатып, аузыңа келгенді айтып жүрсің?".
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Ырысбала Икрамбайдың атына қатысты үлкен дау туындады. Қоғам белсенділері оны ашық есеп беруге шақырып отыр. Солардың бірі ақтөбелік емші атанған - Бағдагүл емші, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған бейнежазбада Бағдагүл сынықшы Ырысбаланы ұнатпайтынын ашық айтады.
«Ырысбала, сен күшті болсаң, артың таза болса, неге жұртты шулатып, аузыңа келгенді айтып жүрсің? Шық та, халыққа есеп бер! Әшейінде тілің ұзын, тісің тас жарады ғой. Әкеңнің ақшасы емес қой, елдің қаржысы. Мен де мысалы есеп берем, әр адам беруі керек. Халықтың сенен есеп алуы – дұрыс», – деп ашық сынға алады.
Бұл сөздер желіде қызу талқыға түсті. Белсендінің айтуынша, Икрамбай саясатта өткір сөйлеп жүргенімен, іс жүзінде нақты жауап бермейді. Әсіресе, өткенде елдің мәселесін көтерген жас қызды «дұрыс сөйлеуге шамасы жоқ» деп сынағаны жұрттың ашуын туғызған.
Әлеуметтік желідегі пікір екіге бөлінді:
бір топ оны «шындықты бетке айтатын азамат» деп қолдаса,
енді бірі «халықты арандатып, жауапкершіліктен қашып жүр» деп бағалады.
Сарапшылар халық алдында ашық есеп беруге дайын болуы керектігін ескертеді.
Икрамбай төңірегіндегі дау әлі де басылар емес. Қоғамның негізгі талабы – «қолың таза болса, халық алдында ашық сөйле».