$ 538.54  628.31  6.7

«Туғыш әйел»: Жүктілігін жария еткен Төреғалидің қарындасы талқыға түсті (ВИДЕО)

Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл жаңалықты жылы қабылдаса, енді бірі үш жылда үшінші рет көтергенін жарыса жазды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі желіде сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер әрі кәсіпкер Дина Төреәлі үшінші сәбиін күтіп жүргенін айтты. 

"Алланың ең әдемі сыйы - жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір", - деп жазды Дина Төреәлі. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл жаңалықты жылы қабылдаса, енді бірі үш жылда үшінші рет көтергенін жарыса жазды.

"Үш жылда үш бала, не деген батылдық", "20 жасында жоғары білім алмай, үшінші бала. Әрине, бала ға да, анасына да денсаулық тілеймін. Бірақ жас қыздар өздерін тек бала туатын инкубатор ретінде көрмей, Алланың бойына берген талантын, білімі мен қасиеттерін дамытып, тұлға болып қалыптасып, 25 - 28 жастарында ғана отбасын құрып бала туса жақсы болар еді", "Динаны туғыш әйел ретінде көретін едім", "Күтімі бар, үйлерінде күтушісі бар, денсаулықтарына жақсы қарайтын, қаржылай қиындығы жоқ осындай Отбасында қайта бала көп болса жақсы ғой", "Отбасында жалғыз ұл ғой жолдасы дұрыс тұқымын көбейтсін, аман-есен босанып алсын", деді олар. 

Сонымен қатар, Фариза Төреәлі де бауырының қуанышына ортақтасып, жазба жариялады. 

"Раббым дені сау, саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін. Диконым @tattti_kyz үшін дұға етіп қойыңыздар", - деп қуанышын жеткізді Төреғалидің үлкен қарындасы. 

Айта кетейік, Дина Төреәлі 2022 жылдың қаршасында қызылордалық жігітке ұзатылған еді. Екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары