$ 537.91  628.87  6.6

«Бір әттеген-айым бар»: Рахман Омар балаларының арасы онша емес екенін айтты (ВИДЕО)

Сонымен қатар тұңғышының өз отауын тіккенін де айта кетті.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында өмірдегі үлкен өкінішін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рахман Омар өзінің екі рет үйленгенін жасырмады. 

"Бір әттеген-айы бірінші некеден және екінші некеден туған балалары бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласады. Балалық эгоизм болады ғой. Қызғаныш бар шығар. Араласпай-ақ қояйықшы деді. Уақыт керек. Өзім асабамын, талай той басқарып жүрмін. Біз сияқты араласпай жүрген, кейін жақындасып кеткен көп отбасыны білемін. Сондықтан үмітсіз шайтан. Құдай қаласы ол күнге де жетерміз", - деді ол. 

Сонымен қатар тұңғышының өз отауын тіккенін де айта кетті.

"Үлкенім 28-де, екіншім 25 жаста. Одан кейінгі ұлым 10-сыныпқа көшті. Құдай берген 5 ұл, бір қызым бар. Алты баланың әкесімін. Тұңғыш ұлым үйленді. Қайын ата болып үлгердім, бірақ әлі ата болған жоқпын. Жастар асықпайды екен. Өздерінің философиялары бар", - деп таңғалды актер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 18
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары