Бір рет шешім қабылдадым.
Танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жұбайы Махаббат Мүсілім әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өмірі туралы жазба жариялап, күйеуінің қамқорлығы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, үйдегі барлық тұрмыстық мәселені Тәуекел шешеді.
«Бір рет шешім қабылдадым. Енді ештеңені шешіп керек емес, себебі бәрін ол өзі шешеді», – деп жазды ол.
Желіде жарияланған видеодан ерлі-зайыптылардың бірге уақыт өткізіп, қыдырып жүргенін көруге болады. Махаббат коммуналдық төлемдерден бастап саяхат шығындарына дейін бәрін Тәуекелдің төлейтінін айтып, жұбайымен мақтанған.