$ 537.91  628.87  6.6

«YouTube арқылы көрсеңіздер болады»: Роза Әлқожа күміс тойын дүркіретіп өткізбек

Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең – қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Биыл белгілі әнші Роза Әлқожа мен Айдын Қабаның отасқанына 25 жыл толып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Instagram парақшасында қуанышын бөлісті:

«Отағасы Айдын Қаба 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз. Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік! Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең – қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік. Тойға келе алмағандар Roza Alkhoja деген YouTube арнамыздан тегін тамашалай алады. Оған әр қуанышымызда атсалысып, балаларын жіберіп, бір жағымнан көтеріп алатын @jenka.studio жауапты! Қалыңдыққа @aidakaumenova_official көйлек тігіп жатыр!»

Желі қолданушылары әншіге жылы тілектерін жаудырып, күміс тойға қатысты жаңалықты қуана қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары