$ 537.91  628.87  6.6

«Қалай жақсы көретінімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын»: Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен елден ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aidarbekovagulzira
Фото: instagram.com/aidarbekovagulzira

Гүлзира Айдарбекова екінші келіні Айгерімді туған күнімен құттықтап, жер-көкке сыйғызбай мақтады. Сондай-ақ, жақындары мен ағайын-туысы оған жылы лебіздерін жаудырып, жүрекжарды тілектерін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Туған күнің құтты болсын, жаным! Алла бақ берсін! Біздің шаңырағымызға нұрын шашқан күн болып кірдің. Бүкіл отбасымыз, бүкіл ағайын сені осы қалпыңда қатты құрметтейтінін, жақсы көретінімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Үлкен әулетті отбасы болып, ата-ана разылығын алып, өмірлік жарыңның мәңгілік махаббатына бөленіп, ұл-қызыңның бақытына амандығыңмен қуантып, 100 жасқа жет!»

Бұл тілек әлеуметтік желі қолданушылары арасында жылы қабылданып, көпшілік жас отбасының берекесіне тілекші екенін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 72
Ұнамайды 40
Күлкілі 17
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары