06.09.2025, 19:30

«Тағы да байға береміз бе?»: Алтынай Жорабаева жаңа бейнесімен жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

«18 жасар қыздай».

Әнші Алтынай Жорабаева өзінің сымбатты мүсінімен әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші парақшасына жариялаған бейнероликте көпшілік оның айтарлықтай арықтап, жас көрінгенін бірден байқаған. Видео авторы да Алтынайды «18 жастағы қызға ұқсайды» деп мақтады.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі «Қалай арықтадыңыз?», «Сізден үлгі аламыз» деп жылы пікір жазса, енді бірі «18 жаста емес, 50-дегі әйел ғой», «Өзіне жараспай қалыпты», «Ақшаң болса, жас көрінуге болады» деп сын айтты.

Осылайша, Алтынай Жорабаеваның жаңа бейнесі желіде қызу талқыланып жатыр.