Апасының ақ батасымен жауапты жолға аттанды.
Белгілі әнші, хитмен Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғышы Сезім мектеп бітіріп, Англияға оқуға аттанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Бірге барып өзіңді орналастыра алмағаныма түсіністік танытқаныңа рахмет Сезімім! Апасының ақ батасымен жауапты жолға аттанды. Қос әулеттің алғашқы қуанышы. Атасының қызы! Апасының гүлі! Әкесінің тұңғышы! Аанасының бақыты! Бауырларының бағыты! Ұстаздарының мақтанышы! Бүгінде бойжетіп, өмірдегі үлкен әрі жауапты білім деген жолға аттанып, студент атанды. Аллам өзі жар болсын! Ата-апасы, әкесі де ел адамы.Халық алдында жүргендіктен жауапкершілік жоғары екенін жақсы ескереді. Бұл жағдайды балалар жақсы түсініп, қабылдайды. Соны білім алдын-ала Сезека ең бірінші өз атасынан бата алып, маңдайын сүйгізіп келді», деп жазды өнер иесі.